Қазақстан қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әрине, барлық елдің қарулы күштері ол қақтығысты бақылап, талдау жасап отырады. Әскери іс-қимылдар қалай жүргізіліп жатқанын зерделейді, тиісті қорытынды жасайды. Негізі, әскери қақтығыстар бір-біріне ұқсамайды, әрбіреуінің өзіндік ерекшелігі бар. Иә, біз де бәрін бақылап, әскери дайындық бағдарламасына өзгеріс енгізіп отырамыз", - деді Қамалетдинов сенатта өткен брифингте.
Осы орайда министрдің орынбасары бір жылдың ішінде қорғаныс саласына енгізілген маңызды өзгерісті ерекше атап өтті.
"Ең бірінші, біз пилотсыз ұшу аппаратарының операторлары қатысатын оқу жиындарына жан-жақты дайындалып, мұқият өткізетін болдық. Себебі әскери қақтығыстар пилотсыз ұшу аппараттарын барлау мен соққы жасау үшін пайдалануға болатынын көрсетті. Екіншіден, артиллерия, зымыран әскері мен артиллерияны жаппай қолданып жатыр. Оны да әскери дайындық кезінде ескеріп отырамыз", - деп атап көрсетті Қамалетдинов.
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді