https://sputnik.kz/20230223/qazaqstan-qorganys-salasyna-qanday-ozgeris-engizip-zhatyr-32414646.html
Қазақстан қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізіп жатыр
Қазақстан қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қорғаныс саласына қандай... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T16:48+0500
2023-02-23T16:48+0500
2023-02-23T16:48+0500
қазақстан
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1d/30736369_37:0:497:259_1920x0_80_0_0_8e4312a8eeeccc70b9cdd4d4f3f93221.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Әрине, барлық елдің қарулы күштері ол қақтығысты бақылап, талдау жасап отырады. Әскери іс-қимылдар қалай жүргізіліп жатқанын зерделейді, тиісті қорытынды жасайды. Негізі, әскери қақтығыстар бір-біріне ұқсамайды, әрбіреуінің өзіндік ерекшелігі бар. Иә, біз де бәрін бақылап, әскери дайындық бағдарламасына өзгеріс енгізіп отырамыз", - деді Қамалетдинов сенатта өткен брифингте. Осы орайда министрдің орынбасары бір жылдың ішінде қорғаныс саласына енгізілген маңызды өзгерісті ерекше атап өтті. "Ең бірінші, біз пилотсыз ұшу аппаратарының операторлары қатысатын оқу жиындарына жан-жақты дайындалып, мұқият өткізетін болдық. Себебі әскери қақтығыстар пилотсыз ұшу аппараттарын барлау мен соққы жасау үшін пайдалануға болатынын көрсетті. Екіншіден, артиллерия, зымыран әскері мен артиллерияны жаппай қолданып жатыр. Оны да әскери дайындық кезінде ескеріп отырамыз", - деп атап көрсетті Қамалетдинов.
https://sputnik.kz/20230111/toqaev-qorganys-ministrine-tapsyrma-berdi-31038489.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1d/30736369_94:0:439:259_1920x0_80_0_0_8fa964d50134bc195fe0fdefbc6ef820.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қорғаныс министрлігі
қазақстан, қорғаныс министрлігі
Қазақстан қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізіп жатыр
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қорғаныс саласына қандай өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әрине, барлық елдің қарулы күштері ол қақтығысты бақылап, талдау жасап отырады. Әскери іс-қимылдар қалай жүргізіліп жатқанын зерделейді, тиісті қорытынды жасайды. Негізі, әскери қақтығыстар бір-біріне ұқсамайды, әрбіреуінің өзіндік ерекшелігі бар. Иә, біз де бәрін бақылап, әскери дайындық бағдарламасына өзгеріс енгізіп отырамыз", - деді Қамалетдинов сенатта өткен брифингте.
Осы орайда министрдің орынбасары бір жылдың ішінде қорғаныс саласына енгізілген маңызды өзгерісті ерекше атап өтті.
"Ең бірінші, біз пилотсыз ұшу аппаратарының операторлары қатысатын оқу жиындарына жан-жақты дайындалып, мұқият өткізетін болдық. Себебі әскери қақтығыстар пилотсыз ұшу аппараттарын барлау мен соққы жасау үшін пайдалануға болатынын көрсетті. Екіншіден, артиллерия, зымыран әскері мен артиллерияны жаппай қолданып жатыр. Оны да әскери дайындық кезінде ескеріп отырамыз", - деп атап көрсетті Қамалетдинов.