https://sputnik.kz/20230111/toqaev-qorganys-ministrine-tapsyrma-berdi-31038489.html
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Президент қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс министрлігінің былтыр атқарған... 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T17:50+0500
2023-01-11T17:50+0500
2023-01-11T17:50+0500
қорғаныс министрі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0b/31035848_550:0:3130:1451_1920x0_80_0_0_0c4bae8506c1d0d332657f3515e31a9b.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Президент қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс министрлігінің былтыр атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп, осы жылға арналған жоспармен таныстырды, деп хабарлады Ақорда.Қазақстандағы әскери дайындықтың жай-күйі, армияның құрамы мен құрылымын жетілдіру, жүргізілген жедел және жауынгерлік әзірлік шаралары жөнінде ақпарат берілді.Генерал-полковник Руслан Жақсылықов былтыр арнайы операциялар күштері құрылғанын, десанттық-шабуылдау әскерінің әлеуеті артып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты әскердің жауынгерлік әзірлік бағдарламасы қайта қаралды.Мемлекет басшысына армиядағы жағымсыз жайттардың алдын алу, жастардың әскери борышын орындауға деген құлшынысын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру жөнінде қорғаныс ведомствосының қабылдап жатқан шаралары туралы мәлімет берілді.Қорғаныс министрі қарулы күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жабдықтау, аумақтық қорғаныс әскерін дамыту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру және бітімгерлік мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде баяндады. Сондай-ақ пайдаланылмайтын әскери мүлік пен қару-жарақты жою шаралары туралы есеп берді.Кездесу соңында президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери ортадағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ министрлікке еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру, мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанын сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0b/31035848_872:0:2807:1451_1920x0_80_0_0_d76b8468e1a4aad4478b3ee799c0e54f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрі, қасым-жомарт тоқаев
қорғаныс министрі, қасым-жомарт тоқаев
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Президент қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс министрлігінің былтыр атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп, осы жылға арналған жоспармен таныстырды, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстандағы әскери дайындықтың жай-күйі, армияның құрамы мен құрылымын жетілдіру, жүргізілген жедел және жауынгерлік әзірлік шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов былтыр арнайы операциялар күштері құрылғанын, десанттық-шабуылдау әскерінің әлеуеті артып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты әскердің жауынгерлік әзірлік бағдарламасы қайта қаралды.
Мемлекет басшысына армиядағы жағымсыз жайттардың алдын алу, жастардың әскери борышын орындауға деген құлшынысын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру жөнінде қорғаныс ведомствосының қабылдап жатқан шаралары туралы мәлімет берілді.
Қорғаныс министрі қарулы күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жабдықтау, аумақтық қорғаныс әскерін дамыту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру және бітімгерлік мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде баяндады. Сондай-ақ пайдаланылмайтын әскери мүлік пен қару-жарақты жою шаралары туралы есеп берді.
Кездесу соңында президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери ортадағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ министрлікке еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру, мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанын сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.