Денсаулық

Дұрыс тамақтану баланың психикалық денсаулығын жақсартады – ғалымдар

Сарапшылар сегіз жасқа дейінгі 40 мың баланың денсаулығы туралы мәліметтерді зерттеді
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Дұрыс тамақтанған 8 жастағы балалардың психикалық денсаулығы жақсы болды, деп жазады Medical Xpress.
Ғалымдар норвегиялық ата-аналар мен балалар туралы зерттеу деректерін пайдаланды. Бұл әлемдегі ең ірі денсаулық сауалнамаларының бірі. 40 мың баланың денсаулығы бірнеше жыл бойы бақыланған.

"Бұл зерттеуде біз балалардың қалай тамақтанғаны, олардың жеке қасиеттері мен алаңдаушылық пен депрессия арасындағы байланысты анық көреміз", - делінген баяндамада.

Зерттеу себебін анықтай алмайды, бірақ байланыс бар. Аналар жүктіліктің түрлі кезеңіндегі тамақтану және алты айдан он сегіз айға дейінгі баланың тамақтануы туралы сұрақтарға жауап берді. Тестілеудің жаңа кезеңдері балалар үш және жеті жаста болған кезде өткізілді.
Сегіз жасқа дейін дұрыс тамақтанған балалар ар-ождан, ашықтық, экстраверсия және келісімділік сияқты тұлғалық қасиеттерден жоғары ұпай жинады. Дұрыс тамақтанбаған балалардың эмоционалдық тұрақсыздығы жоғары болған. Психологтар невротизм көбінесе алаңдаушылық пен депрессияның дамуына бейімділікпен байланысты екенін атап өтті.
Зерттеушілер жеміс, көкөніс, дәнді дақыл, балықты және үй тағамдарын көбірек жеуге кеңес береді.
"Ағза өмірдің алғашқы жылдарында жүйке жүйесін, ішкі органарды және миды дамытады. Бұл үшін денеге энергия қажет. Тамақ біздің гендеріміздің жұмысына әсер етуі мүмкін. Дұрыс тамақтануды бастап, оның пайдасын көруге ешқашан кеш емес", - делінген хабарламада.
Өңірлер
Жетісу облысында балық зауыты балалар тағамдарын шығара бастады