Өңірлер

Жетісу облысында балық зауыты балалар тағамдарын шығара бастады

© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской областиЖетісу облысында балық зауыты балалар тағамдарын шығара бастады
Жетісу облысында балық зауыты балалар тағамдарын шығара бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алакөлде балық зауыты балалар тағамдарын шығара бастады, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Болашақ Бастау" ЖШС Алакөл балық өңдеу зауытында жаңа жабдықтар орнатылған. Соның арқасында балық зауытында қосымша 10 өнім түрі шығарыла бастады.
"Еуропа мен канадалық тұтынушылар қазірдің өзінде сынақ үлгілерін тұтынып үлгеріп, қызығушылық танытқан. Кәсіпорында технологтар жаңа желіні іске қосу жұмыстарын аяқтады, енді экспорттық жеткізілімдерді жолға қою туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.
Технолог Никита Кашкаревтың айтуынша, жалпы рецептураны әзірлеуден бастап жаңа желінің жұмысын жолға қоюға дейінгі жұмыстың бәрі – өздерінің идеялары. Оны кәсіпорынның өз қаражаты есебінен сатып алынған қажетті құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асырды. Балық өнімдерінің бұл жаңа түрлері кең көлемде тұтынуға арналған.
"Балық - пайдалы тағамдардың бірі, ол - дәрумендердің, минералдардың және қанықпаған май қышқылдарының табиғи көзі. Зерттеушілер диетада балықтың үлесін болар-болмас арттырудың өзі адамның денсаулығына оң әсер ететінін айтады. Сондықтан біз тұтынушыларға балықтың бірнеше түрін ұсынып көруге бел байладық", - деп атап өтті технолог.
© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской областиЕуропа мен канадалық тұтынушылар қазірдің өзінде сынақ үлгілерін тұтынып, өнімге қызығушылық танытқан
Продукция рыбзавода в Жетысуской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Еуропа мен канадалық тұтынушылар қазірдің өзінде сынақ үлгілерін тұтынып, өнімге қызығушылық танытқан
Енді кәсіпорында тек тартылған балық пен балық филесі түрлерімен қатар ақтабан мен алабұға паштеттері, күріш немесе картоп қосылған балық-өсімдік витамин кешендері, уылдырық майы, балық шұжықтары, сондай-ақ 8 айдан бастап қосымша тамақ ретінде беруге болатын балалар тағамының 2 түрі шығарылады.
"Болашақ Бастау" ЖШС балық өңдеу зауытының директоры Дәурен Алтыбаевтың айтуынша, жаңа жабдықта шамамен сағатына салмағы 50 және 100 грамдық екі жарым мың дана құты уылдырық майын өндіруге болады. Бұл бір ауысымда өнім көлемі 50 мыңға дейін жетеді деген сөз. Бүкіл желі толық автоматтандырылған, өндіріс процесінің механизмі жолға қойылған.
© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской областиЖаңа жабдықта шамамен сағатына екі жарым мың дана құты уылдырық майын өндіруге болады
Рыбзавод в Жетысуской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Жаңа жабдықта шамамен сағатына екі жарым мың дана құты уылдырық майын өндіруге болады
Жаңалықтар
0