https://sputnik.kz/20230221/durys-tamaqtanu-balalardyn-psikhikalyq-densaulygyn-zhaqsartady-galymdar-32262585.html
Дұрыс тамақтану баланың психикалық денсаулығын жақсартады – ғалымдар
Дұрыс тамақтану баланың психикалық денсаулығын жақсартады – ғалымдар
Sputnik Қазақстан
Сарапшылар сегіз жасқа дейінгі 40 мың баланың денсаулығы туралы мәліметтерді зерттеді 21.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-21T07:04+0500
2023-02-21T07:04+0500
2023-02-21T07:04+0500
денсаулық
дұрыс тамақтану
бала
психика
https://sputnik.kz/img/325/82/3258276_0:276:5249:3229_1920x0_80_0_0_8888a344791e0c947aee45de6c6fc5d0.jpg
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Дұрыс тамақтанған 8 жастағы балалардың психикалық денсаулығы жақсы болды, деп жазады Medical Xpress.Ғалымдар норвегиялық ата-аналар мен балалар туралы зерттеу деректерін пайдаланды. Бұл әлемдегі ең ірі денсаулық сауалнамаларының бірі. 40 мың баланың денсаулығы бірнеше жыл бойы бақыланған.Зерттеу себебін анықтай алмайды, бірақ байланыс бар. Аналар жүктіліктің түрлі кезеңіндегі тамақтану және алты айдан он сегіз айға дейінгі баланың тамақтануы туралы сұрақтарға жауап берді. Тестілеудің жаңа кезеңдері балалар үш және жеті жаста болған кезде өткізілді.Сегіз жасқа дейін дұрыс тамақтанған балалар ар-ождан, ашықтық, экстраверсия және келісімділік сияқты тұлғалық қасиеттерден жоғары ұпай жинады. Дұрыс тамақтанбаған балалардың эмоционалдық тұрақсыздығы жоғары болған. Психологтар невротизм көбінесе алаңдаушылық пен депрессияның дамуына бейімділікпен байланысты екенін атап өтті.Зерттеушілер жеміс, көкөніс, дәнді дақыл, балықты және үй тағамдарын көбірек жеуге кеңес береді."Ағза өмірдің алғашқы жылдарында жүйке жүйесін, ішкі органарды және миды дамытады. Бұл үшін денеге энергия қажет. Тамақ біздің гендеріміздің жұмысына әсер етуі мүмкін. Дұрыс тамақтануды бастап, оның пайдасын көруге ешқашан кеш емес", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20230217/zhetisu-oblysynda-balyq-zauyty-balalar-tagamdaryn-shygara-bastady-32219840.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/325/82/3258276_289:0:4961:3504_1920x0_80_0_0_26ec61e4316d572c0b3c4cb2286c62dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дұрыс тамақтану, бала, психика
дұрыс тамақтану, бала, психика
Дұрыс тамақтану баланың психикалық денсаулығын жақсартады – ғалымдар
Сарапшылар сегіз жасқа дейінгі 40 мың баланың денсаулығы туралы мәліметтерді зерттеді
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Дұрыс тамақтанған 8 жастағы балалардың психикалық денсаулығы жақсы болды, деп жазады
Medical Xpress.
Ғалымдар норвегиялық ата-аналар мен балалар туралы зерттеу деректерін пайдаланды. Бұл әлемдегі ең ірі денсаулық сауалнамаларының бірі. 40 мың баланың денсаулығы бірнеше жыл бойы бақыланған.
"Бұл зерттеуде біз балалардың қалай тамақтанғаны, олардың жеке қасиеттері мен алаңдаушылық пен депрессия арасындағы байланысты анық көреміз", - делінген баяндамада.
Зерттеу себебін анықтай алмайды, бірақ байланыс бар. Аналар жүктіліктің түрлі кезеңіндегі тамақтану және алты айдан он сегіз айға дейінгі баланың тамақтануы туралы сұрақтарға жауап берді. Тестілеудің жаңа кезеңдері балалар үш және жеті жаста болған кезде өткізілді.
Сегіз жасқа дейін дұрыс тамақтанған балалар ар-ождан, ашықтық, экстраверсия және келісімділік сияқты тұлғалық қасиеттерден жоғары ұпай жинады. Дұрыс тамақтанбаған балалардың эмоционалдық тұрақсыздығы жоғары болған. Психологтар невротизм көбінесе алаңдаушылық пен депрессияның дамуына бейімділікпен байланысты екенін атап өтті.
Зерттеушілер жеміс, көкөніс, дәнді дақыл, балықты және үй тағамдарын көбірек жеуге кеңес береді.
"Ағза өмірдің алғашқы жылдарында жүйке жүйесін, ішкі органарды және миды дамытады. Бұл үшін денеге энергия қажет. Тамақ біздің гендеріміздің жұмысына әсер етуі мүмкін. Дұрыс тамақтануды бастап, оның пайдасын көруге ешқашан кеш емес", - делінген хабарламада.