Өңірлер

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қаңтар - Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия азаматы Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай кетіп бара жатып, жол апатына түсті", - делінген ақпаратта.
Ол алдындағы көлікті басып озбақ болған. Салдарынан DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Бұдан кейін Mercedes Benz жолдағы мұзды тазалап жатқан автогрейдермен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға
Көлік аударылып қалған: Ырғыз ауданында болған жол апатында қырғыз азаматы көз жұмды