Оқиға

Көлік аударылып қалған: Ырғыз ауданында болған жол апатында қырғыз азаматы көз жұмды

© Sputnik / Виктор ТолочкоМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты 14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында болды. ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы, рульді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып кеткен.
© Ішкі істер министрлігіАқтөбе облысында болған жол апаты
Ақтөбе облысында болған жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Ақтөбе облысында болған жол апаты
Жол апаты салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғызстан Республикасының азаматы, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0