Өңірлер

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Жол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 қаңтар - Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия азаматы Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай кетіп бара жатып, жол апатына түсті", - делінген ақпаратта.
Ол алдындағы көлікті басып озбақ болған. Салдарынан DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Бұдан кейін Mercedes Benz жолдағы мұзды тазалап жатқан автогрейдермен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Оқиға
Көлік аударылып қалған: Ырғыз ауданында болған жол апатында қырғыз азаматы көз жұмды
Жаңалықтар
0