АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Оралда 16-18 жас аралығындағы төрт адам көлік ішінде газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға "Сарытау" ауданындағы жеке үйде болған. 8 қаңтарда таңғы сағат 10:30 шамасында гаражда тұрған көлік ішінен төрт адамның денесі табылды.
Қайтыс болғандардың бірі - 18 жастағы қыз. Ал қалған үш ер адамның екеуі 16-да, ал біреуі 18 жаста.
Қайғылы оқиғаға көліктен шыққан газ себеп болған. Оқиға болған жерде медицина және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.