Оралда көлік ішінен төрт адамның мәйіті табылды

© Photo : Pixabay/Выхлопная труба автомобиля, иллюстративное фото
Выхлопная труба автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Оралда 16-18 жас аралығындағы төрт адам көлік ішінде газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға "Сарытау" ауданындағы жеке үйде болған. 8 қаңтарда таңғы сағат 10:30 шамасында гаражда тұрған көлік ішінен төрт адамның денесі табылды.
Қайтыс болғандардың бірі - 18 жастағы қыз. Ал қалған үш ер адамның екеуі 16-да, ал біреуі 18 жаста.
Қайғылы оқиғаға көліктен шыққан газ себеп болған. Оқиға болған жерде медицина және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Пеш - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Солтүстік Қазақстанда пештегі ақау салдарынан зейнеткер уланып қалды
Жаңалықтар
0