https://sputnik.kz/20230106/soltustik-qazaqstanda-peshtegi-aqau-saldarynan-zeynetker-ulanyp-qaldy-30892054.html
Солтүстік Қазақстанда пештегі ақау салдарынан зейнеткер уланып қалды
Солтүстік Қазақстанда пештегі ақау салдарынан зейнеткер уланып қалды
Sputnik Қазақстан
Оқиға Жамбыл ауданының Пресновка ауылында болды 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T09:12+0500
2023-01-06T09:12+0500
2023-01-06T09:12+0500
пеш
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/108/93/1089372_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_352faa93147fc759523f08ecfafd15ca.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 6 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында пештегі ақау салдарынан зейнеткер көмірқышқыл газына уланды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында болды.Әйел қатты отынмен жылытатын пештен шыққан түтіннен уланған. Пешті тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылғаны анықталды. Жылыту маусымы басталғалы пеш мұржасы, түтін шығу жолдары, жылыту пешінің элементтері тазартылмаған, пеш есіктері істен шыққан, жанғыш заттарға қатысты арақашықтық нормалары қарастырылмаған. Алайда дәл осы үйге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, 2022 жылдың желтоқсан айында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынама таратқан."Бұл жаңа жыл басынан бері көмірқышқыл газымен улану бойынша екінші оқиға. Бірінші жағдай 3 қаңтарда Петропавлда тіркелді. Ол кезде 63 жастағы жұмысшы жеке бөлмедегі жылыту пешін тазалау кезінде көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 28 адам көмірқышқыл газынан уланған.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/108/93/1089372_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_5a88f920aabc45dbd76396d6d3b27cdb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пеш, солтүстік қазақстан облысы
пеш, солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда пештегі ақау салдарынан зейнеткер уланып қалды
Оқиға Жамбыл ауданының Пресновка ауылында болды
ПЕТРОПАВЛ, 6 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында пештегі ақау салдарынан зейнеткер көмірқышқыл газына уланды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында болды.
"4 қаңтар күні сағат 17:23-те Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық ауруханасына Пресновка ауылындағы жеке тұрғын үйдің 66 жастағы иесі көмірқышқыл газына уланып түсті. Ауруханаға жеткізілген кезде зейнеткердің жағдайы орташа ауыр болған, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ТЖД мамандары.
Әйел қатты отынмен жылытатын пештен шыққан түтіннен уланған. Пешті тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылғаны анықталды. Жылыту маусымы басталғалы пеш мұржасы, түтін шығу жолдары, жылыту пешінің элементтері тазартылмаған, пеш есіктері істен шыққан, жанғыш заттарға қатысты арақашықтық нормалары қарастырылмаған. Алайда дәл осы үйге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, 2022 жылдың желтоқсан айында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынама таратқан.
"Бұл жаңа жыл басынан бері көмірқышқыл газымен улану бойынша екінші оқиға. Бірінші жағдай 3 қаңтарда Петропавлда тіркелді. Ол кезде 63 жастағы жұмысшы жеке бөлмедегі жылыту пешін тазалау кезінде көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 28 адам көмірқышқыл газынан уланған.