Денсаулық

Қазақстанда 200-ден астам адам шошқа тұмауын жұқтырды – денсаулық министрлігі

Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмаудың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда эпидемиологиялық маусым басталғалы (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) респираторлық вирусты инфекцияны 2,2 миллион адам, ал тұмауды 2 284 адам жұқтырған.
Соның ішінде В тұмауы басым болып тұр. Оған 2002 адам шалдыққан. А(H3N2, гонконг штамы) тұмауын 14 адам, ал шошқа тұмауын 268 адам жұқтырды.
"Ауырғандардың 65 проценті - 14 жасқа дейінгі балалар. Жіті респираторлық вирусты инфекциялар және тұмау маусымы жыл сайын қазан-сәуір айларында өтеді. Осы эпидемиологиялық маусым тұмау вирусының айналымының ерте басталуымен ерекшеленді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10%-ке өсті", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, H1N1 – бұл А тұмауының бір түрі. Оны шошқа вирусы деп атайды. Оған шалдыққан адамдардың 50 процентінде вирусты пневмония болады.
Денсаулық
Қарағандыда 8 жасар оқушының өліміне тұмау себеп болды ма - вице-министр жауабы