https://sputnik.kz/20221228/8-zhasar-oqushy-tumaudan-qaytys-boldy-ma-30695277.html
Қарағандыда 8 жасар оқушының өліміне тұмау себеп болды ма - вице-министр жауабы
Қарағандыда 8 жасар оқушының өліміне тұмау себеп болды ма - вице-министр жауабы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыда тұмау жұқтырған 8 жасар оқушының өліміне байланысты жүргізілген... 28.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-28T09:51+0500
2022-12-28T09:51+0500
2022-12-28T09:59+0500
денсаулық
оқушы
тұмау
сараптама
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыда тұмау жұқтырған 8 жасар оқушының өліміне байланысты жүргізілген сараптаманың алдын ала нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айта кетері, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында екінші сынып оқушысының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. "Патриоты Караганды" порталының мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсанда 8 жасар қыздың дене қызуы көтеріліп кеткен. Ата-анасы оны бірден ауруханаға апарған. Дәрігерлер баланы қалдыруға кеңес берген. Алайда әкесі мен анасы одан бас тартып, тиісті хат жазып кеткен. Таңертең бала үйде қайтыс болғаны анықталды. Қазіргі кезде тексеріс басталды. Ал мектеп әкімшілігі дезинфекцияға кірісіп кетті.
https://sputnik.kz/20211103/tumau-dariger-qauip-18561684.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, тұмау, сараптама
Қарағандыда 8 жасар оқушының өліміне тұмау себеп болды ма - вице-министр жауабы
09:51 28.12.2022 (жаңартылды: 09:59 28.12.2022) АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыда тұмау жұқтырған 8 жасар оқушының өліміне байланысты жүргізілген сараптаманың алдын ала нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Қарағандыда болған жағдайға байланысты баланың ата-анасына көңіл айтамыз, қайғысына ортақпыз. Қазіргі кезде нақты себебі анықталмаған, тиісті тергеу жұмыстары өткізіліп жатыр. Бірақ сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысы бойынша бала асфексиядан қайтыс болған. Ол құсық массасына тұншығып қалған", - деді Есмағамбетова.
Айта кетері, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында екінші сынып оқушысының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
"Патриоты Караганды" порталының мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсанда 8 жасар қыздың дене қызуы көтеріліп кеткен. Ата-анасы оны бірден ауруханаға апарған. Дәрігерлер баланы қалдыруға кеңес берген. Алайда әкесі мен анасы одан бас тартып, тиісті хат жазып кеткен. Таңертең бала үйде қайтыс болғаны анықталды.
Қазіргі кезде тексеріс басталды. Ал мектеп әкімшілігі дезинфекцияға кірісіп кетті.