Денсаулық

Тұмаудан толықтай жазылмаса не болады – дәрігер басты қауіпті атады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРтутный градусник для измерения температуры, архивное фото
Ртутный градусник для измерения температуры, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Тұмау кезінде орташа есеппен 10-14 күн емделу керек екені айтылып отыр. Ал нақты мерзімін дәрігер анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Жоғары санаттағы терапевт дәрігер, гематолог Диана Ким тұмаудан толығымен жазылмаған жағдайда адам өміріне қандай қауіп төнетінін айтты. Ондай асқынулар COVID-19 инфекциясының салдарынан кем түспейді.

"Тұмау ауыр инфекциялық ауру саналады. Оның да салдары мен асқынулары болады. Эндокардит пен миокардит болып, жүрекке зақым тигізуі мүмкін. Мәселен, тұмаудан кейінгі миокардиттер жиі кездесіп жатады. Бұдан бөлек, бүйрекке зақым келуі ықтимал. Сол себепті тұмаудан кейін несепті жалпы талдауға тапсырып отыру қажет. Бүйрек ауырмауы да мүмкін. Бірақ тұмаудан кейін зақымдалады", - деді Ким Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, тұмау кез келген аутоиммундық ауруды қоздыра алады. Соның ішінде тромбоцитопения мен буындардың зақымдануы да бар.

"Ондай асқынулардың клиникасы әртүрлі болады. Вирустан кейінгі энцефалитке (мидың қабынуы) де әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Дегенмен, ол да тұмау салдарынан болады", - деп атап көрсетті дәрігер.

Тұмаудан кейінгі асқынулар бір ай ішінде көріне бастайды. Адам толығымен емделмей, белсенді әрекет етуге кіріседі. Жұмысқа шығады, спортпен айналысады. Оған иммундық жүйе көп жағдайда дайын болмай жатады.
"Адамдар ауырып шыққаннан кейін тұмау белгілерін көре тұра, жұмысқа шығады. Ондайда толығымен жазылып шыққан адаммен салыстырғанда аурудың асқыну қаупі жоғары", - деді Ким.

Осы орайда дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын неше күнге алу қажеттігін де айтты. Оның сөзіне қарағанда, тұмау кезінде орташа есеппен 10-14 күн емделу керек. Ал нақты мерзімін дәрігер анықтайды.

Жаңалықтар
0