https://sputnik.kz/20221228/qazaqstanda-zhuzdegen-adam-shoshqa-tumau-30697248.html
Қазақстанда 200-ден астам адам шошқа тұмауын жұқтырды – денсаулық министрлігі
Қазақстанда 200-ден астам адам шошқа тұмауын жұқтырды – денсаулық министрлігі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмаудың статистикасын жариялады, деп хабарлайды... 28.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-28T10:34+0500
2022-12-28T10:34+0500
2022-12-28T11:36+0500
денсаулық
адам
қазақстан
тұмау
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23815502_0:51:3067:1776_1920x0_80_0_0_1fe5d67343eb3e25000bfe1c494a7e56.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмаудың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда эпидемиологиялық маусым басталғалы (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) респираторлық вирусты инфекцияны 2,2 миллион адам, ал тұмауды 2 284 адам жұқтырған. Соның ішінде В тұмауы басым болып тұр. Оған 2002 адам шалдыққан. А(H3N2, гонконг штамы) тұмауын 14 адам, ал шошқа тұмауын 268 адам жұқтырды. "Ауырғандардың 65 проценті - 14 жасқа дейінгі балалар. Жіті респираторлық вирусты инфекциялар және тұмау маусымы жыл сайын қазан-сәуір айларында өтеді. Осы эпидемиологиялық маусым тұмау вирусының айналымының ерте басталуымен ерекшеленді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10%-ке өсті", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Айта кетері, H1N1 – бұл А тұмауының бір түрі. Оны шошқа вирусы деп атайды. Оған шалдыққан адамдардың 50 процентінде вирусты пневмония болады.
https://sputnik.kz/20221228/8-zhasar-oqushy-tumaudan-qaytys-boldy-ma-30695277.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23815502_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_bbd999946dc6e55344f983834b7a91da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам, қазақстан, тұмау
Қазақстанда 200-ден астам адам шошқа тұмауын жұқтырды – денсаулық министрлігі
10:34 28.12.2022 (жаңартылды: 11:36 28.12.2022) АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмаудың статистикасын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда эпидемиологиялық маусым басталғалы (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) респираторлық вирусты инфекцияны 2,2 миллион адам, ал тұмауды 2 284 адам жұқтырған.
Соның ішінде В тұмауы басым болып тұр. Оған 2002 адам шалдыққан. А(H3N2, гонконг штамы) тұмауын 14 адам, ал шошқа тұмауын 268 адам жұқтырды.
"Ауырғандардың 65 проценті - 14 жасқа дейінгі балалар. Жіті респираторлық вирусты инфекциялар және тұмау маусымы жыл сайын қазан-сәуір айларында өтеді. Осы эпидемиологиялық маусым тұмау вирусының айналымының ерте басталуымен ерекшеленді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10%-ке өсті", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, H1N1 – бұл А тұмауының бір түрі. Оны шошқа вирусы деп атайды. Оған шалдыққан адамдардың 50 процентінде вирусты пневмония болады.