Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасы: 24 адамды азаптаған полицейлердің ісі сотта қаралып жатыр

Азапталған жәбірленушілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамды азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Жәбірленушілердің өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінген.
Атап айтқанда, олар өз шағымында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндік жоқ екеніне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екенін, ал сот залы тар екенін айтқан.
Жәбірленушілер мен сотталушылар бір жерде отырғандықтан, сотталушылар моральдық және психологиялық қысым жасайды. Сондай-ақ аудармашының жұмысына да шағым түсті. Жәбірленушілер сот процесінде синхронды аударма жасауды бірнеше рет өтінгенсе, ол ескерусіз қалып отыр.
Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қылмыстық істі қарау тәртібінің жоқ екенін де атап өтті.
"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көптеген адамға физикалық күш қолданғаны туралы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану туралы хатпен жүгінді. Уәкілдің өтінішін қарау нәтижесі бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген заңбұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келіп түсті", - делінген хабарламада.
Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады.
Бұдан бөлек, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаттарының шағымы ішінара қанағаттандырылды.
Қоғам
Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды