https://sputnik.kz/20221104/qantar-oqigasy-24-adam-azaptagan-politseyler-29037511.html
Қаңтар оқиғасы: 24 адамды азаптаған полицейлердің ісі сотта қаралып жатыр
Қаңтар оқиғасы: 24 адамды азаптаған полицейлердің ісі сотта қаралып жатыр
Sputnik Қазақстан
Азапталған жәбірленушілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді 04.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-04T10:44+0500
2022-11-04T10:44+0500
2022-11-04T16:17+0500
қаңтар оқиғасы
полицей
азаптау
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамды азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.Жәбірленушілердің өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінген.Атап айтқанда, олар өз шағымында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндік жоқ екеніне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екенін, ал сот залы тар екенін айтқан.Жәбірленушілер мен сотталушылар бір жерде отырғандықтан, сотталушылар моральдық және психологиялық қысым жасайды. Сондай-ақ аудармашының жұмысына да шағым түсті. Жәбірленушілер сот процесінде синхронды аударма жасауды бірнеше рет өтінгенсе, ол ескерусіз қалып отыр.Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қылмыстық істі қарау тәртібінің жоқ екенін де атап өтті."Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көптеген адамға физикалық күш қолданғаны туралы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану туралы хатпен жүгінді. Уәкілдің өтінішін қарау нәтижесі бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген заңбұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келіп түсті", - делінген хабарламада.Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады.Бұдан бөлек, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаттарының шағымы ішінара қанағаттандырылды.
https://sputnik.kz/20221102/toqaev-qantar-oqigasy-raqymshylyq-zan-28984620.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей, азаптау
Қаңтар оқиғасы: 24 адамды азаптаған полицейлердің ісі сотта қаралып жатыр
10:44 04.11.2022 (жаңартылды: 16:17 04.11.2022) Азапталған жәбірленушілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамды азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Жәбірленушілердің өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінген.
Атап айтқанда, олар өз шағымында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндік жоқ екеніне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екенін, ал сот залы тар екенін айтқан.
Жәбірленушілер мен сотталушылар бір жерде отырғандықтан, сотталушылар моральдық және психологиялық қысым жасайды. Сондай-ақ аудармашының жұмысына да шағым түсті. Жәбірленушілер сот процесінде синхронды аударма жасауды бірнеше рет өтінгенсе, ол ескерусіз қалып отыр.
Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қылмыстық істі қарау тәртібінің жоқ екенін де атап өтті.
"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көптеген адамға физикалық күш қолданғаны туралы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану туралы хатпен жүгінді. Уәкілдің өтінішін қарау нәтижесі бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген заңбұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келіп түсті", - делінген хабарламада.
Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады.
Бұдан бөлек, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаттарының шағымы ішінара қанағаттандырылды.