https://sputnik.kz/20221102/toqaev-qantar-oqigasy-raqymshylyq-zan-28984620.html
Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Мың жарымға жуық адам рақымшылыққа ілінеді 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-02T16:20+0500
2022-11-02T16:20+0500
2022-11-02T16:22+0500
қоғам
амнистия
заң
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094574_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_84449d005a118c4e4b9053e78da5c8e1.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды.Рақымшылыққа қаңтар оқиғасына қатысқандар ілінеді. Амнистия жалпы алғанда 1500-дей адамды қамтиды.Заңға сәйкес, теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Егер сотталған адамның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда ол толық босатылады.Ал террористер, экстремистер, рецидивистер, адамды азаптағандар, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен мемлекетке опасыздық жасағандар рақымшылыққа ілінбейді.Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте халыққа арнаған жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын жария еткен болатын.
https://sputnik.kz/20221027/raqymshylyq-zhasau-turaly-zannyn-ayasynda-qansha-adam-turmeden-bosatylady-28814835.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094574_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5304b583fffc7580af1e33adb628970c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
амнистия, заң
Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
16:20 02.11.2022 (жаңартылды: 16:22 02.11.2022) Мың жарымға жуық адам рақымшылыққа ілінеді
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды.
Рақымшылыққа қаңтар оқиғасына қатысқандар ілінеді. Амнистия жалпы алғанда 1500-дей адамды қамтиды.
Заңға сәйкес, теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Егер сотталған адамның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда ол толық босатылады.
Ал террористер, экстремистер, рецидивистер, адамды азаптағандар, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен мемлекетке опасыздық жасағандар рақымшылыққа ілінбейді.
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте халыққа арнаған жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын жария еткен болатын.