АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Елорда әкімдігі LRT желілерінде арқалықтар мен қадаларды монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп сендірді. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.
2023 жылы темірбетон конструкцияларды орнатуға кірісіп, инженерлік желілерді толықтай жүргізу жоспарланып отыр.
Қазірдің өзінде 40 жиналмалы арқалық құрастырылған.
Жер үсті метросының құрылысы осыдан 11 жыл бұрын басталды. Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы аяқталатынын, бірақ алдымен жоба оңтайландырылатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 18 станцияның 8-і ғана қалады. Бірінші кезеңде жоспарланған 19 жылжымалы құраманың (бір құрама 4 вагоннан тұрады) бесеуі жүреді.