Астанада LRT арқалықтарын монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана LRT жобасының бағандары
Астана LRT жобасының бағандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Елорда әкімдігі LRT желілерінде арқалықтар мен қадаларды монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп сендірді. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.
2023 жылы темірбетон конструкцияларды орнатуға кірісіп, инженерлік желілерді толықтай жүргізу жоспарланып отыр.
Қазірдің өзінде 40 жиналмалы арқалық құрастырылған.
Жер үсті метросының құрылысы осыдан 11 жыл бұрын басталды. Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы аяқталатынын, бірақ алдымен жоба оңтайландырылатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 18 станцияның 8-і ғана қалады. Бірінші кезеңде жоспарланған 19 жылжымалы құраманың (бір құрама 4 вагоннан тұрады) бесеуі жүреді.
Астана LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Елорда тынысы
LRT құрылысын аяқтауға қаражат қайдан алынады – министрлік жауабы
Жаңалықтар
0