Жапаров Санкт-Петербургтегі ТМД саммитіне қатыспайды

Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс кестесіне байланысты бүгін Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдері президенттерінің бейресми саммитіне қатыса алмайды.
Ресей президенті Владимир Путинге Қырғызстан президентінің құттықтауын жолдау үшін қырғыз тарапынан мемлекеттік хатшы Сүйінбек Қасмамбетов іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевқа сілтеме жасап.
Еске салсақ, бүгін Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толды.
Саясат
Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді