Жапаров Санкт-Петербургтегі ТМД саммитіне қатыспайды

© Sputnik / Alexandr Demyanchuk/Pool / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров
Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс кестесіне байланысты бүгін Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдері президенттерінің бейресми саммитіне қатыса алмайды.
Ресей президенті Владимир Путинге Қырғызстан президентінің құттықтауын жолдау үшін қырғыз тарапынан мемлекеттік хатшы Сүйінбек Қасмамбетов іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевқа сілтеме жасап.
Еске салсақ, бүгін Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толды.
Неформальная встреча Токаева, Жапарова и Мирзиёева прошла в Чолпон-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Саясат
Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді
Жаңалықтар
0