https://sputnik.kz/20220720/toqaev-zhaparov-mirzieev-ystyqkol-26240771.html
Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді
Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Шолпан-Атада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат... 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T19:49+0500
2022-07-20T19:49+0500
2022-07-20T19:49+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
шавкат мирзиёев
ыстықкөл
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26240460_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_5eaaa404b96597d8a26ebf2b4d64f123.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Шолпан-Атада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бейресми кездесуі өтті.Мемлекет басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін сәрсенбіде Шолпан-Атаға (Қырғызстан) барды.Мемлекет басшысын министрлер Кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, көлік министрі Еркінбек Осоев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев қарсы алды.Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуал тұрғысынан өңірлік интеграцияның перспективаларын қарайды деп болжанып отыр. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою көзделген.
ыстықкөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26240460_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_aa697847fd5b8b7c448d36da7ead1863.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шавкат мирзиёев, ыстықкөл
қасым-жомарт тоқаев, шавкат мирзиёев, ыстықкөл
Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Шолпан-Атада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бейресми кездесуі өтті.
Мемлекет басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін сәрсенбіде Шолпан-Атаға (Қырғызстан) барды.
Мемлекет басшысын министрлер Кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, көлік министрі Еркінбек Осоев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев қарсы алды.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуал тұрғысынан өңірлік интеграцияның перспективаларын қарайды деп болжанып отыр.
Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою көзделген.