Экономика

"Самұрық-Қазына" қоры антиресейлік санкцияларды бұзатын жобалардан шығады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын барлық жобадан шығуға дайын. Бұл туралы қор басшысы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Басқарма төрағасы ұлттық әл-ауқат қоры геосаяси жағдайға байланысты туындаған барлық санкцияны толық орындап отырғанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, портфельдік компанияларға жетекші заң компаниялары тартылған. Олар кез келген, соның ішінде жанама санкцияларға ілігіп кетпеу үшін қор бекітетін келісімшарттарды бақылайды және сараптама жасайды.
"Санкцияға ілігуі мүмкін әлеуетті серіктестермен немесе санкциялық тұлға саналатын акционерлермен жасалатын қазіргі ағымдағы келісімшарттарға "санкциялық ескертпе" енгізілген. Ол "Самұрық-Қазына" мен портфельдік компанияларының жобалардан шығынсыз шығуын көздейді", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры сыртқы істер министрлігімен, АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасымен, шет елдердің елшілерімен тұрақты байланыста.
Қор активтері мен компанияларының санкцияға ілігуіне жол бермеу үшін тиісті консультациялар жүргізіледі.
Экономика
"Самұрық-Қазына" төрағасы қордың берешегі туралы айтты