Экономика

"Самұрық-Қазына" төрағасы қордың берешегі туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қорының жалпы қарызы 10 триллион теңгені құрайды. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір қордың жалпы берешегі 10 триллион теңге. Оның ішінде қарыздың негізгі үлесі "ҚазМұнайГаз", ҚТЖ және қорға тиесілі", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол "ҚазМұнайГаз" қарызына жеке тоқталды. Айтуынша, қаржы тиімді жобаларға тартылған. Қазір мұнай бағасы едәуір жоғары, сол себепті қарызды қайтару бойынша ешқандай тәуекел жоқ. Жобалар өзін-өзі ақтайды, деп жалғастырды сөзін басқарма төрағасы.
"Қор жобалары бойынша да дәл осындай жағдай. Қарыз Қашағанның үлесін сатып алуға тартылды. Бұл біздің портфельдегі негізгі үлес", - деді ол.
Айтуынша, аталған үлесті "ҚазМұнайГаз" компаниясы қайтадан сатып алады. Директорлар кеңесі деңгейінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілген.
"ҚТЖ қарызына компанияның өзі толығымен қызмет көрсетеді. Бірақ қор өтімділік бойынша қолдау көрсетіп жатыр. Атап айтқанда біз ҚТЖ облигацияларын сатып алдық. ҚТЖ-ға қатысты реформалар бағдарламасын және транзиттің ұлғаятынын ескерсек, біз компания өз міндеттемелерін толық көлемде орындай алады деп санаймыз", - деді Сатқалиев.
Самұрық-Қазына қоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
"Самұрық-Қазына" қоры қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша
Жаңалықтар
0