https://sputnik.kz/20220915/samuryq-qazyna-qory-antireseylik-sanktsiyalar-27615621.html
"Самұрық-Қазына" қоры антиресейлік санкцияларды бұзатын жобалардан шығады
"Самұрық-Қазына" қоры антиресейлік санкцияларды бұзатын жобалардан шығады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын барлық жобадан шығуға дайын. Бұл туралы қор басшысы Алмасадам... 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T17:41+0500
2022-09-15T17:41+0500
2022-09-15T17:41+0500
экономика
самұрық-қазына
санкция
https://sputnik.kz/img/old/765/54/7655467_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_aa8891723d2f5fb775fcf6044a0b5d20.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын барлық жобадан шығуға дайын. Бұл туралы қор басшысы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Басқарма төрағасы ұлттық әл-ауқат қоры геосаяси жағдайға байланысты туындаған барлық санкцияны толық орындап отырғанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, портфельдік компанияларға жетекші заң компаниялары тартылған. Олар кез келген, соның ішінде жанама санкцияларға ілігіп кетпеу үшін қор бекітетін келісімшарттарды бақылайды және сараптама жасайды. "Санкцияға ілігуі мүмкін әлеуетті серіктестермен немесе санкциялық тұлға саналатын акционерлермен жасалатын қазіргі ағымдағы келісімшарттарға "санкциялық ескертпе" енгізілген. Ол "Самұрық-Қазына" мен портфельдік компанияларының жобалардан шығынсыз шығуын көздейді", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры сыртқы істер министрлігімен, АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасымен, шет елдердің елшілерімен тұрақты байланыста. Қор активтері мен компанияларының санкцияға ілігуіне жол бермеу үшін тиісті консультациялар жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20220915/samuryq-qazyna-toragasy-qordyn-bereshegi-27614406.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/765/54/7655467_44:0:1824:1335_1920x0_80_0_0_4c8d30990bb4a8f090072e4a5ea8f2e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына, санкция
"Самұрық-Қазына" қоры антиресейлік санкцияларды бұзатын жобалардан шығады
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры Ресейге қарсы санкцияларды бұзатын барлық жобадан шығуға дайын. Бұл туралы қор басшысы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Басқарма төрағасы ұлттық әл-ауқат қоры геосаяси жағдайға байланысты туындаған барлық санкцияны толық орындап отырғанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, портфельдік компанияларға жетекші заң компаниялары тартылған. Олар кез келген, соның ішінде жанама санкцияларға ілігіп кетпеу үшін қор бекітетін келісімшарттарды бақылайды және сараптама жасайды.
"Санкцияға ілігуі мүмкін әлеуетті серіктестермен немесе санкциялық тұлға саналатын акционерлермен жасалатын қазіргі ағымдағы келісімшарттарға "санкциялық ескертпе" енгізілген. Ол "Самұрық-Қазына" мен портфельдік компанияларының жобалардан шығынсыз шығуын көздейді", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры сыртқы істер министрлігімен, АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасымен, шет елдердің елшілерімен тұрақты байланыста.
Қор активтері мен компанияларының санкцияға ілігуіне жол бермеу үшін тиісті консультациялар жүргізіледі.