2023 жылы Қазақстан мен Катар арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен Катардың авиация билігі әуе тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Катардың авиация билігінің президенті Мохамед Фалех әл-Хаджри және Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхимен келіссөз жүргізді.
Кездесуде тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, оның ішінде: Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту, авиация мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, Қазақстанға Катардан инвестиция тарту мәселесі бар.
"Бүгінгі таңда Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Катар тарапының мәліметі бойынша Qatar Airways Нұр-Сұлтан мен Доха қалалары арасында рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр", - деп атап өтті индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанның азаматтық авиация саласының өкілдерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы келісімге келгені аталып өтті. Сонымен қатар осы жылдың 27 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында өтетін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының алдағы 41-сессиясының мәселелері қозғалды.
Қоғам
Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады