Қоғам

Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2022
Жазылу
Жаңа әуе рейстері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын Уфамен байланыстырады
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады.
Осылайша, ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша ұшады. Рейс бейсенбі сайын, аптасына 1 рет орындалады.
Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады.
Жолаушылар SU-95 типті ұшақпен тасымалданады.
Билеттер әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.
Авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Жаңалықтар
0