https://sputnik.kz/20220907/2023-zhyly-qazaqstan-men-katar-arasyndagy-aue-reysterinin-sany-artady-27357703.html
2023 жылы Қазақстан мен Катар арасындағы әуе рейстерінің саны артады
2023 жылы Қазақстан мен Катар арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен Катардың авиация билігі әуе тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады 07.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-07T14:52+0500
2022-09-07T14:52+0500
2022-09-07T14:52+0500
ұшақ
әуе қатынасы
https://sputnik.kz/img/151/87/1518739_0:92:3052:1809_1920x0_80_0_0_0fe2a5d09d6b8a9e8973654132ea6939.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Катардың авиация билігінің президенті Мохамед Фалех әл-Хаджри және Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхимен келіссөз жүргізді.Кездесуде тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, оның ішінде: Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту, авиация мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, Қазақстанға Катардан инвестиция тарту мәселесі бар."Бүгінгі таңда Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Катар тарапының мәліметі бойынша Qatar Airways Нұр-Сұлтан мен Доха қалалары арасында рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр", - деп атап өтті индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.Сондай-ақ тараптар Қазақстанның азаматтық авиация саласының өкілдерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы келісімге келгені аталып өтті. Сонымен қатар осы жылдың 27 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында өтетін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының алдағы 41-сессиясының мәселелері қозғалды.
https://sputnik.kz/20220718/qazaqstannan-ufa-qalasyna-zhana-aue-reysteri-ashylady-26184984.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/151/87/1518739_260:0:2793:1900_1920x0_80_0_0_f8c413413172a6617e5f8a9d429407aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, әуе қатынасы
2023 жылы Қазақстан мен Катар арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен Катардың авиация билігі әуе тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Катардың авиация билігінің президенті Мохамед Фалех әл-Хаджри және Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхимен келіссөз жүргізді.
Кездесуде тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, оның ішінде: Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту, авиация мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, Қазақстанға Катардан инвестиция тарту мәселесі бар.
"Бүгінгі таңда Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Катар тарапының мәліметі бойынша Qatar Airways Нұр-Сұлтан мен Доха қалалары арасында рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр", - деп атап өтті индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанның азаматтық авиация саласының өкілдерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы келісімге келгені аталып өтті. Сонымен қатар осы жылдың 27 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында өтетін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының алдағы 41-сессиясының мәселелері қозғалды.