НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдегі жантүршігерлік жол апатынан қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты растаған жоқ.
"Ульяновск облысы Төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ульяновск облысында жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысып, он бес адам көз жұмғаны хабарланды. Шұғыл қызметтер бастапқыда көз жұмғандар Қазақстан азаматы екенін мәлімдеген еді.
Микроавтобус екі жүк көлігінің арасына қысылып қалған.