Әлем

Ресейде болжам бойынша қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2022
Жазылу
Жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, микроавтобуспен соқтығысқан
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Ульяновск облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.
Бұған дейін Ульяновск облысында жексенбі күні автобус жол апатына ұшырап, 11 адам қаза тапты және тағы үшеуі зардап шеккені хабарланды.
Ресейдің құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Шұғыл қызметтердің алдын ала ақпараты бойынша көз жұмғандар мен жараланғандар – Қазақстан азаматтары.
"Ульяновск облысындағы апат салдарынан он бес адам қаза болды. Зардап шеккен үш адам ауыр хәлде ауруханаға түсті", - деді агенттікке дереккөз.
Жаңалықтар
0