Әлем

Ульяновск облысында қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookСІМ ғимараты
СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдегі жантүршігерлік жол апатынан қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты растаған жоқ.
"Ульяновск облысы Төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ульяновск облысында жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысып, он бес адам көз жұмғаны хабарланды. Шұғыл қызметтер бастапқыда көз жұмғандар Қазақстан азаматы екенін мәлімдеген еді.
Микроавтобус екі жүк көлігінің арасына қысылып қалған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2022
Әлем
Ресейде болжам бойынша қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады
Жаңалықтар
0