2023 жылдан бастап темекі өнімдерінің акциз мөлшері ұлғайтылады

Сигариллаларға арналған акцизтер темекі ставкаларына теңестіріледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 тамыз — Sputnik. Қазақстанда келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздер көлемі ұлғаяды. Акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер салық кодексіне биыл11 шілдедегі Заңмен енгізілді.
Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:
2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана тұратын болады.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды:
2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қолданысқа енгізу туралы" Заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.
Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:
2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтық;
2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық;
2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық.
Денсаулық
Темекіден бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгеріс болады