Денсаулық

Темекіден бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгеріс болады

CC0 / / Курение, сигареты
Курение, сигареты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
Зиянды әдеттен бас тартқаннан кейін ағзадағы өзгеріс бірден басталады
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Темекі шегу – аса зиянды әдет. Ол жүрек-қантамыр, өкпе, эндокриндік және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін айтарлықтай арттырады. Соған қарамастан, темекі өнімдерінің саудасы әлемнің барлық дерлік елінде рұқсат етілген.
Темекі шегетіндердің көбі бұл әдеттің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсінгенімен, одан тез әрі оңай бас тарта алмайды. Дегенмен, темекіні тастағаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болатынын түсіну бұл әдеттен арылуға шешім қабылдауға көмектеседі.
Адам ағзасы - қалпына келе алатын бірегей механизм. Егер адам психологиялық тосқауылдан өтіп, темекі шегуден бас тартуға шешім қабылдаса, ағзада бірден мынадай өзгерістер басталады:
20 минут ішінде жүрек соғу жиілігі мен қан қысымы төмендейді;
12 сағатта қандағы улы газдың мөлшері қалыпты деңгейге дейін төмендейді;
2-12 апта ішінде қан айналымы және өкпенің жұмысы жақсарады.
Сонымен бірге осы уақытта адамның көңіл-күйі көтеріледі, ұйқы бұзылуы азаяды, денеде қуат пайда болады. 1-9 айда ентігу және жөтел азаяды. Бұл тыныс алу органдарының жұмысында ақауы (демікпе) бар адамдар үшін өте маңызды.
Бір жыл ішінде жүректің ишемиялық ауруының пайда болу қаупі 2 есе төмендейді (темекі шегетіндермен салыстырғанда), ал 15 жылдан кейін инсульт қаупі мұндай зиянды әдеті жоқ адамдікімен тең деңгейге дейін азаяды.
Ер адам темекі тартып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2018
Әлем
Қараудың өзі қорқынышты – дәрігерлер темекінің салдарын видеода көрсетті
10 жылдан кейін өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу қаупі 2 есе азаяды, сонымен қатар ауыз қуысы, тамақ, өңеш, қуық, жатыр мойнының және ұйқы безінің қатерлі ісігінің туындау ықтималдығы төмендейді. Адам темекіден бас тартқаннан кейін ағзада оң өзгерістер пайда болуы ұзақ күттірмейді.
Сонымен қатар никотинді өнімнен бас тарту репродуктивті жүйеге де оң әсер етіп, импотенция, бала көтерумен байланысты проблемалар, мерзімінен бұрын босану, түсік жасау және дене салмағы төмен балалардың туылу қаупі азаяды.
Егер адам 30 жаста темекі шегуді тоқтатса, оның өмір сүру ұзақтығы шамамен 10 жылға, 40 жаста 9 жасқа, 50 жаста 6 жылға, 60 жаста 3 жылға ұзарады. Темекіден бас тарту шылым шегетін адамның жанындағыларға да пайдалы болады. Мысалы, балаларда демікпе сияқты тыныс алу ауруларының қаупін азайтады. Сондай-ақ темекі шегуді тоқтату қомақты қаражатты үнемдеуге ықпал ететінін де ұмытпау керек.

Темекіден қалай бас тартуға болады

Ұзақ уақыт бойы шылым шеккен адам бұл әдеттен бірден арыла алмайды. Сондықтан ол өзіне оңтайлы болатын әдістерді қалыптастыру үшін психологпен жұмыс жүргізуі керек.
Сонымен қатар темекіні еске түсіретін барлық заттан, мысалы, қораптары, оттық, күл түсіретін ыдыстың көзін жойып, өзгелерден жаныңызда темекі шекпеуін өтіну керек. Егер аяқасты темекіге деген құмарлық туындаса, ойды бөлуге тырысып, су ішуге, сағыз шайнауға, бірнеше жаттығу жасауға немесе серуендеу үшін далаға шығуға болады.
Сондай-ақ никотинге тәуелділікті бәсеңдететін арнайы сағыз, патч, ингалятор қолдануға немесе дәрігерге жүгініп, тиісті дәрі жаздырып алуға болады.
Электронды темекі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2018
Қоғам
Ғалымдар электронды темекінің зиянын дәлелдеді
Жаңалықтар
0