Әлем

Қараудың өзі қорқынышты – дәрігерлер темекінің салдарын видеода көрсетті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуЕр адам темекі тартып жатыр
Ер адам темекі тартып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зертхана қызметкері арнайы аппараттың көмегімен сау адам мен күн сайын бір қорап темекі шеккен адамның өкпесін салыстырды

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik.  Солтүстік Каролинада (АҚШ) медбике болып жұмыс істейтін Аманда Эллер темекенің адам үшін жантүршігерлік салдарын видеода көрсетті. Роликті Metro басылымы жариялады.  

Кадрда зертхана қызметкері арнайы аппараттың көмегімен сау адамның өкпесі мен 20 жыл бойы күн сайын бір қорап темекі шеккен адамның өкпесін салыстырып жатқаны көрінеді.

 

Тоқтаусыз темекі шегудің салдарынан өкпе тіндері түсін өзгертіп, иілгіштігін жоғалтатыны айтылып жүр. Никотиннің әсерінен жүрекке орасан күш түседі. Сондай-ақ ол терідегі оттегінің санын едәуір төмендетіп, репродуктивті қызметке ықпал етеді, темекі шегетін адамдардың сүйегі сынғыш келеді.   


Жаңалықтар
0