https://sputnik.kz/20220805/2023-zhyl-temeki-aktsiz-26542315.html
2023 жылдан бастап темекі өнімдерінің акциз мөлшері ұлғайтылады
2023 жылдан бастап темекі өнімдерінің акциз мөлшері ұлғайтылады
Sputnik Қазақстан
Сигариллаларға арналған акцизтер темекі ставкаларына теңестіріледі 05.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-05T10:04+0500
2022-08-05T10:04+0500
2022-08-05T10:22+0500
темекі
https://sputnik.kz/img/20/43/204358_0:540:5184:3456_1920x0_80_0_0_82ae62f53affcf2fc29b8230dea55c99.jpg
АЛМАТЫ, 5 тамыз — Sputnik. Қазақстанда келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздер көлемі ұлғаяды. Акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер салық кодексіне биыл11 шілдедегі Заңмен енгізілді. Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер: Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды: Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қолданысқа енгізу туралы" Заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:
https://sputnik.kz/20220212/temekiden-bas-tartu-kenes-22733984.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/20/43/204358_240:0:4848:3456_1920x0_80_0_0_e826c48b8fde3a33f7393b8351c25f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі
2023 жылдан бастап темекі өнімдерінің акциз мөлшері ұлғайтылады
10:04 05.08.2022 (жаңартылды: 10:22 05.08.2022) Сигариллаларға арналған акцизтер темекі ставкаларына теңестіріледі
АЛМАТЫ, 5 тамыз — Sputnik. Қазақстанда келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздер көлемі ұлғаяды. Акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер салық кодексіне биыл11 шілдедегі Заңмен енгізілді.
Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:
2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана тұратын болады.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды:
2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қолданысқа енгізу туралы" Заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.
Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:
2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтық;
2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық;
2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық.