Денсаулық

Психолог демалыс кем дегенде неше күн болуы керектігін айтты

Егер адам жеті күн демалыс алса, ол демалғаннан гөрі көбірек стресс алады, дейді сарапшы
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз - Sputnik. Денсаулыққа пайдалы демалыс 28 күнтізбелік күнге созылуы керек. Өйткені тек демалыстың үшінші аптасында ғана ағза ресурс жинай бастайды. Бұл туралы Ura.ru-ға психолог, эндокринолог Антон Поляков айтты.
"Бірінші аптада жай демалып жатқаныңнан стресс аласың, бұған бейімделу керек. Екінші апта - адам босаңсып, психика қалпына келе бастайды. Үшінші апта қауіпсіздік резерві деп аталады", - деп түсіндірді Поляков.
Яғни, өмірдегі стрестік жағдайларға тойтарыс беретін ресурс жиналады.

"Төртінші апта - бұл бейімделу кезеңі, сіз біртіндеп өмірдің әдеттегі өмірге орала бастайсыз. Егер адам осылай демалса, бұл демалыс оған бір жылға жетеді. Психикасына да әсері мол", - деді психолог.

Ол қысқа уақыт ішінде адам демалып үлгермейтінін айтты.
"Кем дегенде үш аптадан аз демалу — біртүрлі процесс. Күйзеліс болғандықтан, бір аптада тек бұлшықет босатасыз. Содан кейін жұмысқа қайта ораласыз. Егер адам жеті күнге кетсе, онда ол демалғаннан гөрі көбірек стресс алады", — деді психолог.
Дәрігер жұмыс уақытында қалай демалыс жасау керектігін айтты