Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыз өлі табылды

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 шілде – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
21 шілдеде Панфилов ауданында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқушының туыстары полицияға арызданады, бірақ іздеу жұмыстары нәтиже бермейді. Жоғалып кеткен қыздың суреті мен ол туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланады.
29 шілдеде полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қыздың денесі табылғанын және оны өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"Жергілікті тұрғын қызды зорлағанын, одан кейін істегенінен қорқып оны өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтқандарын тексеру барысында елді мекендердің бірінің сыртынан қыздың денесі қазып алынды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға
Түркістан облысында бес жасар баланы зорлаған ауыл тұрғыны сотталды