https://sputnik.kz/20220629/bes-zhasar-balany-zorlagan-25829437.html
Түркістан облысында бес жасар баланы зорлаған ауыл тұрғыны сотталды
Түркістан облысында бес жасар баланы зорлаған ауыл тұрғыны сотталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктің кінәсі сот сараптамасымен дәлелденді. Куәгерлер де бәрін растады 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T11:45+0500
2022-06-29T11:45+0500
2022-06-29T11:46+0500
оқиға
түркістан облысы
зорлау
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бес жасар баланы зорлаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, Шұбарсу ауылының тұрғыны Аламан көшесінде ойнап жүрген баланы көрген. Алдап тұрғын үйге алып барған. Сол жерде баланың дәрменсіз күйін пайдалану арқылы сексуалдық сипаттағы зорлық- зомбылық әрекеттерін жасаған. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тергеу шараларын өткізді.Күдіктің кінәсі сот сараптамасымен дәлелденді. Куәгерлер де бәрін растаған. 35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекс бойынша осы қылмыс үшін 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Прокурор сотталушыны 20 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберуді сұрады. Судья осы өтінішті қолдады. Баланы зорлаған ер адам 20 жылға сотталды. Бірақ ол аппеляциялық шағым түсірді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, зорлау, ауыл
түркістан облысы, зорлау, ауыл
Түркістан облысында бес жасар баланы зорлаған ауыл тұрғыны сотталды
11:45 29.06.2022 (жаңартылды: 11:46 29.06.2022) Күдіктің кінәсі сот сараптамасымен дәлелденді. Куәгерлер де бәрін растады
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бес жасар баланы зорлаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, Шұбарсу ауылының тұрғыны Аламан көшесінде ойнап жүрген баланы көрген. Алдап тұрғын үйге алып барған. Сол жерде баланың дәрменсіз күйін пайдалану арқылы сексуалдық сипаттағы зорлық- зомбылық әрекеттерін жасаған.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тергеу шараларын өткізді.
Күдіктің кінәсі сот сараптамасымен дәлелденді. Куәгерлер де бәрін растаған. 35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады.
Қылмыстық кодекс бойынша осы қылмыс үшін 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Прокурор сотталушыны 20 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберуді сұрады. Судья осы өтінішті қолдады. Баланы зорлаған ер адам 20 жылға сотталды. Бірақ ол аппеляциялық шағым түсірді.