https://sputnik.kz/20220730/zhetisu-oblysynda-bir-apta-buryn-zhogalyp-ketken-15-zhastagy-qyz-oli-tabyldy-26434219.html
Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыз өлі табылды
Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыз өлі табылды
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 шілде – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады өңірдің... 30.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-30T11:52+0500
2022-07-30T11:52+0500
2022-07-30T11:52+0500
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16557971_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_f99a34bf94d6a451f0acf0f337214d79.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 шілде – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.21 шілдеде Панфилов ауданында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқушының туыстары полицияға арызданады, бірақ іздеу жұмыстары нәтиже бермейді. Жоғалып кеткен қыздың суреті мен ол туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланады.29 шілдеде полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қыздың денесі табылғанын және оны өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады."Жергілікті тұрғын қызды зорлағанын, одан кейін істегенінен қорқып оны өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтқандарын тексеру барысында елді мекендердің бірінің сыртынан қыздың денесі қазып алынды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
https://sputnik.kz/20220629/bes-zhasar-balany-zorlagan-25829437.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16557971_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2d814a619b90b3f3cf20cfb56ab28464.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
Жетісу облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қыз өлі табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 шілде – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап, артынан өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
21 шілдеде Панфилов ауданында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқушының туыстары полицияға арызданады, бірақ іздеу жұмыстары нәтиже бермейді. Жоғалып кеткен қыздың суреті мен ол туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланады.
29 шілдеде полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қыздың денесі табылғанын және оны өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"Жергілікті тұрғын қызды зорлағанын, одан кейін істегенінен қорқып оны өлтіргенін мойындады. Күдіктінің айтқандарын тексеру барысында елді мекендердің бірінің сыртынан қыздың денесі қазып алынды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.