НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. 26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды, деп хабарлады Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы.
Ол межені 8:53.02 уақытта еңсерді.
Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің қомақты кезеңінде жеңіске жеткен еді.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.
Айта кетері, Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.