Спорт

Қазақстан қоржынындағы алтын: Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды

© AFP 2024 / RYAN KELLYКенийка Нора Джеруто
Кенийка Нора Джеруто - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. 26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды, деп хабарлады Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы.
Ол межені 8:53.02 уақытта еңсерді.
Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің қомақты кезеңінде жеңіске жеткен еді.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.
Айта кетері, Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.
Нора Джеруто - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2022
Спорт
АҚШ-тағы әлем чемпионаты: екі қазақстандық спортшы ақтық сынға жолдама алды
Жаңалықтар
0