Спорт

АҚШ-тағы әлем чемпионаты: екі қазақстандық спортшы ақтық сынға жолдама алды

© Photo : olympic.kzНора Джеруто
Нора Джеруто - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі жеңіл атлеті финалға жолдама алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Солардың бірі – алтын медальға үміткер спортшы Нора Джеруто. Ол кедергілермен 3000 метрге жүгіруде белгіленген межені 9:01.54 уақытта аяқтады. Ал Дэйзи Джепкемей жарыс бағдарламасының осы түрін 19-шы болып аяқтады.
Ал Каролин Чепкоеч Кипкируи әлем чемпионатында жетінші орын алып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ол әйелдер арасынан 10 000 метр қашықтықты 30:17.64 уақытта жүгіріп өтті.
Айта кетейік, басты жарысқа 15 атлет қатысты.
Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының финалына өтсе, осы спорт түріне қатысқан Кристина Овчинникованың жарысты аяқтауына тура келді. Сол сияқты Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден бастапқы айналымнан өте алмады. Ол бірінші жарыста алтыншы болып мәреге жетті.
Мария Ефремова қатарынан үш рет секіріп түсуде өзінің бар мүмкіндігін көрсете алмады. Біліктілік нәтижесі бойынша Мария Ефремова мен Ольга Сафронова ары қарай өнер көрсетпейді.
Еске салсақ, АҚШ-тағы әлем чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.
Жаңалықтар
0