Оқиға

Алматы облысының тұрғыны жылқыны көлікпен әдейі қағып кетті

Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 шілде — Sputnik. Алматы облысында 38 жастағы ер адам жол талғамайтын көлікпен ауылдасының жылқысын әдейі қағып кетті. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Toyota Land Cruiser жүргізушісі өз автокөлігінің дөңгелектерімен жылқыны қасақана басқан сәт кадрға түскен.
Полиция департаменті жануарды қорлау фактісін растады.
Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба 16 шілдеде Іле ауданы Междуреченское ауылында түсірілген.
"Междуреченское ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдасымен жанжалдасып, көлігімен оның жылқысын қасақана қағып кеткен. Құқықбұзушы ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол өзінің бақшасында жайылып жүрген 20-ға жуық жылқыны шығаруға тырысқанын түсіндірді. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша ("жануарларға қатыгездік көрсету") қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.
Оқиға
Павлодар облысында көлік жылқыны қақты - жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінді