https://sputnik.kz/20220504/pavlodar-oblysy-zhylqy-zhol-apaty-24630804.html
Павлодар облысында көлік жылқыны қақты - жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінді
Павлодар облысында көлік жылқыны қақты - жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінді
Sputnik Қазақстан
Жануарды қағып кеткен көлік жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді 04.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-04T11:25+0500
2022-05-04T11:25+0500
2022-05-04T13:06+0500
оқиға
павлодар облысы
жылқы
https://sputnik.kz/img/19/30/193063_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_5804fe72f6baddd0504c74b27408b4ef.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Жолда жайылып жүрген жылқыны соғып кеткен көлік жүргізушісі ауруханаға келіп, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 2 мамырда сағат 22:30 шамасында Павлодар–Қызылорда тасжолындағы Береке ауылының жанында Toyota Corolla автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолдың көлік жүретін аумағында тұрған жылқыны қағып кетті. Жол апатынан зардап шеккен жүргізуші ауруханаға келіп, медициналық көмек алды. Тиісті ем шаралары жасалғаннан кейін оны үйіне жіберілген. Ақсу полициясы бақташыны анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі ("Жануарларды жаю ережелерін бұзудың жеке тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келуі") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Жыл басынан бері үй жануарларының қараусыз жайылуы салдарынан облыста жеті жол апаты тіркелген.
https://sputnik.kz/20220419/aqmola-oblysy-zhogalgan-zhylqy-24318182.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/19/30/193063_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c9ff99bc19d95fee8798ed362bdd368d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, жылқы
Павлодар облысында көлік жылқыны қақты - жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінді
11:25 04.05.2022 (жаңартылды: 13:06 04.05.2022) Жануарды қағып кеткен көлік жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Жолда жайылып жүрген жылқыны соғып кеткен көлік жүргізушісі ауруханаға келіп, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 мамырда сағат 22:30 шамасында Павлодар–Қызылорда тасжолындағы Береке ауылының жанында Toyota Corolla автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолдың көлік жүретін аумағында тұрған жылқыны қағып кетті.
Жол апатынан зардап шеккен жүргізуші ауруханаға келіп, медициналық көмек алды. Тиісті ем шаралары жасалғаннан кейін оны үйіне жіберілген.
Ақсу полициясы бақташыны анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі ("Жануарларды жаю ережелерін бұзудың жеке тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келуі") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл бап 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Жыл басынан бері үй жануарларының қараусыз жайылуы салдарынан облыста жеті жол апаты тіркелген.