Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті

© Photo : pixabay/MandrillArtжылқы
жылқы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Шығын сомасы 7,5 млн теңгені құрады
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың желтоқсанында Ерейментау полициясы бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам оның 2-8 желтоқсан аралығында еркін жайылымда жүрген 14 бас жылқысы жоғалғанын айтты. Шығын сомасы 7,5 млн теңгені құрады.
Тергеу бөлімі бұл фактіні тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша енгізген.
Ерейментау полиция қызметкерлері үш айдан астам уақыт бойы барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Жануарлардың жоғалып кету қаупі бар аймақтағы жыралар, бос жерлер, орман алқаптары, сондай-ақ мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктер, мал етін өткізудің ықтимал базарлары тексерілді.
12 сәуірде Қызыл-Сор көлінде суға батқан жылқылардың өлексесі табылды. Резиналы қайықты пайдалана отырып, жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар су қоймасынан жануарлардың денесін өз күштерімен шығарып алды.
Жаңалықтар
0