https://sputnik.kz/20220718/almaty-oblysy-zhylqy-kolik-26194761.html
Алматы облысының тұрғыны жылқыны көлікпен әдейі қағып кетті
Алматы облысының тұрғыны жылқыны көлікпен әдейі қағып кетті
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T18:24+0500
2022-07-18T18:24+0500
2022-07-18T18:25+0500
оқиға
алматы облысы
жылқы
көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24139490_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_b93bb0acb25dc6b5baface494bdd31c1.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 шілде — Sputnik. Алматы облысында 38 жастағы ер адам жол талғамайтын көлікпен ауылдасының жылқысын әдейі қағып кетті. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Toyota Land Cruiser жүргізушісі өз автокөлігінің дөңгелектерімен жылқыны қасақана басқан сәт кадрға түскен.Полиция департаменті жануарды қорлау фактісін растады. Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба 16 шілдеде Іле ауданы Междуреченское ауылында түсірілген."Междуреченское ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдасымен жанжалдасып, көлігімен оның жылқысын қасақана қағып кеткен. Құқықбұзушы ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол өзінің бақшасында жайылып жүрген 20-ға жуық жылқыны шығаруға тырысқанын түсіндірді. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша ("жануарларға қатыгездік көрсету") қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.
https://sputnik.kz/20220504/pavlodar-oblysy-zhylqy-zhol-apaty-24630804.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24139490_130:0:1330:900_1920x0_80_0_0_539d6621598b474a6c534eb7c537aa30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, жылқы, көлік
алматы облысы, жылқы, көлік
Алматы облысының тұрғыны жылқыны көлікпен әдейі қағып кетті
18:24 18.07.2022 (жаңартылды: 18:25 18.07.2022) Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 шілде — Sputnik. Алматы облысында 38 жастағы ер адам жол талғамайтын көлікпен ауылдасының жылқысын әдейі қағып кетті. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Toyota Land Cruiser жүргізушісі өз автокөлігінің дөңгелектерімен жылқыны қасақана басқан сәт кадрға түскен.
Полиция департаменті жануарды қорлау фактісін растады.
Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба 16 шілдеде Іле ауданы Междуреченское ауылында түсірілген.
"Междуреченское ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдасымен жанжалдасып, көлігімен оның жылқысын қасақана қағып кеткен. Құқықбұзушы ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол өзінің бақшасында жайылып жүрген 20-ға жуық жылқыны шығаруға тырысқанын түсіндірді. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша ("жануарларға қатыгездік көрсету") қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.