НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Шымкентте қатты ыстықтан көліктің жүксалғышындағы газ баллоны жарылды, деп хабарлады "Хабар 24".
Салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың төртеуі бала. Дәрігерлер бәріне алғашқы жәрдем көрсетіп, үйіне қайтарды.
Төтенше жағдай департаменті мамандарының болжамынша, күн сәулесінен көліктің жүк салғышы қызып кеткен. Қазір мегаполисте термометр көрсеткіші 45 градустан асып тұр.