Шымкентте көліктің жүксалғышында газ баллоны жарылды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуKIA автокөлігі, архивтегі фото
KIA автокөлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиғаға күн сәулесінен көліктің жүксалғышы қызып кетуі себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Шымкентте қатты ыстықтан көліктің жүксалғышындағы газ баллоны жарылды, деп хабарлады "Хабар 24".
Салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың төртеуі бала. Дәрігерлер бәріне алғашқы жәрдем көрсетіп, үйіне қайтарды.
Төтенше жағдай департаменті мамандарының болжамынша, күн сәулесінен көліктің жүк салғышы қызып кеткен. Қазір мегаполисте термометр көрсеткіші 45 градустан асып тұр.
Газбен жүретін көліктер неден жарылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Газбен жүретін көліктер неден жарылады – маман сақтану жолдарын айтты
Жаңалықтар
0